Түркістан облысында тыл ардагері осы уақытқа дейін тынымсыз еңбекті серік етіп келеді

Сұм соғыс ерте есейткен жандарға сый-құрмет көрсетілді. Балалық шағында тылдағы қара жұмысқа араласып, майданға көмек бергендердің бірі Ташқожа Аташев. Қарияға ішкі істер министрлігі алғыс хат табыс етті. Шымкенттік қарт соғыстан кейін 40 жыл қылмыстық атқару жүйесінде қызмет етті.

Ширақ қимылды Ташқожа Аташев үшін мамыр мерекесінің орыны ерекше. Осы айда естеліктерімен бөлісіп, өткеніне бір шолу жасайды. Белі қатпай еңбекке араласып, тылда қара жұмыс істеді. Майданға қажет азық-түлік дайындауға көмектесті. Егін егіп, картоп түптеп, аянбай еңбек етті.

Ташқожа Аташев, тыл ардагері:

- Картошка еккенбіз. Картошканы қазып, босатып, апаратынбыз. Осындай жұмыстар істедік. 95-темін 96-ға кеттім. Өсіңдер, өніңдер, аман-есен болыңдар!

Сөйтіп жүріп оқу оқып, білім алады. Қылмыстық атқару жүйесінде 40 жылдай жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінде лауызымды қызмет атқарды.

Əділбек Досмағамбетов, қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы:

- Мұндай іс-шараларды біз ұдайы жүргізіп тұрамыз. Кейінгі ұрпақ қашан да аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан бой түзейді.

Қазір немере-шөбересінің ортасында  отырған қария оларға  төзімділік пен еңбекқорлықтың маңыздылығы жайлы жиі айтады.

- Жүз ағашым бар. 12 сотықта тағы 60 түр алхоры бар.

Бау-бақшасын жайқалтып, жеміс-жидектің сан алуан сортын өсірген еңбек адамының ісі көпке үлгі. Кейінгі ұрпаққа өнеге.

Сондай-ақ...