«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері астаналық ардагерлерге құрмет көрсетті

Жеңіс жауынгерлеріне деген құрмет ешқашан толастамайды. Бүгін елордалық қарт майдангерлер де мерекелік көңіл-күйге бөленді. Қала әкімдігі мен «Хабар» Агенттігі» өкілдері ондаған ардагердің үйіне барып, сый-сияпат ұсынды.

Жасы 100-ге жеткен қариялар әлі де тың. Жеңіс күнімен құттықтап, келгендерді қарсы алып, баталы сөздерін арнады. Соғыс жылдарындағы туындыларды естігенде көздеріне жас алып, көңілі босады.

95 жастағы Жапаш Кәшеков майдандағы достарын жиі еске алады. Соғысқа 1944 жылы аттанып, 5 жылдан соң оралған. Неміс басқыншыларына тойтарыс беріп ғана қоймай, Жапон соғысына да қатысқан.

Жансая Кәшекова, қала тұрғыны:

- Осы мейрам жақындағалы бері бірге соғыста болған адамдарды есіне алып жүр. Қазір аз қалды. Құттықтап, көңіл бөліп болып жатыр. Сол күндері көз алдынан өткен шығар.

Отан соғысының тағы бір ардагері Раиса Сафоничева қарттар үйінде тұрады. Майданда байланысшы болып қызмет еткен. Талай орден-медальдармен марапатталды. Бүгін оның да құшағы гүлге толды. Құттықтап келгендерге алғысын айтып, келешек ұрпақтың амандығын тіледі. Ардагерлерге тұрмыстық техника мен денсаулығын күтуге арналған бұйымдар табысталды.

Раиса Сафоничева, соғыс ардагері:

- Бүгін мені әкімдік пен «Хабар» Агенттігі арнайы құттықтап келді. Өте қуаныштымын. Баршаңызға алғыс айтамын. Ғұмырларыңыз ұзақ болсын.

Сондай-ақ...