427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жастар «Киелі табиғат» акциясы аясында тал екті

  • 200
  • UPD: 22:20, 08.05.2021
Ақтөбеде жастар «Киелі табиғат» акциясы аясында тал екті

Елімізде «Киелі табиғат» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Ауқымды шараның кезекті күні елді мекендерде жасыл желек егілді.

Ақмола, Алматы, Атырау мен Түркістан және Жамбыл, Ақтөбе облыстарында тал-теректер егіліп, сенбілік ұйымдастырылған. Ақтөбе облысының Темір, Байғанин және Мәртөк ауданы жастары бүгін жүзден астам көшет екті. Жергілікті ауа райына төтеп беретін алма түрлері мен қарағай, аққайың таңдалған. Облыс орталығында жас волонтерлер бауырластар зиратында сенбілік жасады. Бұл жерде Екінші дүниежүзілік соғысында қаза болған 293 жан жерленген.

Жасқанат Берікбаев, волонтер:

- Бұл акция жылда өтіп тұрады. Бізге дейін де алдымыздағы ағаларымыз келіп тазалап тұрады. Және де біз де жыл сайын осы 7-8-9 мамыр аралығында арнайы күнді белгілеп, осы зиратты тазалап тұрамыз. Артымыздан келе жатқан жас ұрпақтарға аталарымыз бен аналарымызды әрқашан еске алып тұруға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы