Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 798 науқастың жағдайы ауыр

9 мамырдағы мәлімет бойынша 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 798 адамның жағдайы ауыр,
  • 190 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.