Елімізде бір күнде КВИ белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмды

Сoronavirus2020.kz сайты 9 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«7.05.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 57 адам емделіп шықты», делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 53541, 831 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52240-қа жетті.