ҚР ДСМ АҚШ-тың коронавирустан болған өлім-жітім зерттеуіне қатысты түсініктеме берді

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-тың коронавирустан болған өлім-жітім зерттеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы келтірген дерекке сәйкес, былтыр коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады. Ал биыл вирустан 1 846 адам қайтты. Осылайша, пандемия басталғаннан бері елде індеттен 6 575 адам көз жұмды болды. Бұған дейін Вашингтон университетінің денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші бойынша зерттеу жариялаған еді. Оған сәйкес Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші бойынша әлемде 20-шы орында. Аталған зерттеу 81 696 қазақстандық вирус құрбанына айналған деп келтіреді. Жалпы зерттеу әлем бойынша COVID-19-дан көз жұмғандар саны 6 млн 900 мың деген тұжырым жасаған. Бұл жаһан мемлекеттері ұсынған ресми деректен 2 есе көп.