426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде коронавирустың таралуы сәл бәсеңдеді

  • 252
  • UPD: 14:27, 09.05.2021
Елімізде коронавирустың таралуы сәл бәсеңдеді

Елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендегені байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 2 350 дерек тіркелген. Әзірге Алматыда індеттің таралуы басылмай тұр. Мұнда вирус жұқтырудың 637 дерегі анықталды. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 324 тұрғын ауруға шалдықты. Өңірлердің антирейтінгісінде Қарағанды облысы көш бастап тұр. 249 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Ал, Солтүстік Қазақстанда індеттің таралуы саябырлады.

Хабар 24 телеарнасы