426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде батырлардың ұрпағы бас қосты

  • 167
  • UPD: 19:25, 09.05.2021

Ақтөбелік жастар Кеңес Одағының батырлары мен «Даңқ» ордені иегерлеріне арналған аллеяға жиналды.

Әлия Молдағұлова атындағы даңғылдағы аллеяда жергілікті 35 жауынгерге мәрмәр тастан ескерткіш орнатылған. Жиналғандар батырлар бюстіне гүл шоқтарын қойды. Жеңіс күні алаңға майдангерлердің ұрпақтары да келді. Олар жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мақпал Жазықова, Кеңес одағының батыры қожабай жазықовтың қызы:

- Бұл аллея біз үшін үлкен ерліктің, батырлықтың символы болып табылады. Аға ұрпақ пен біздің арамыздағы үлкен сабақтастықты байқауға болады. Әрбір ардагердің ерлік жолын баяндай отырып, қазіргі жастардың көңілінде үлкен бір , аталарына деген, мақтаныш сезімі орнайды деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы