426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинадағы жалғыз қазақ ардагері туған еліне сәлем жолдады

  • 429
  • UPD: 20:43, 09.05.2021

Жасы биыл тоқсан тоғызға келген Украинадағы жалғыз қазақ ардагері де Жеңіс күні құттықтау қабылдады.

Киевтегі Қазақстанның елшілігі Нұрбай Аманжоловқа құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыстады. Ресми ақпаратқа сай, Отан соғысының алғашқы жылында қазақ жерінен 1 млн 200 мың адам қан майданға аттанды. Оның жартысына жуығы Украина жерін азат етуге қатысты. Украинадан бөлек, Польша мен Чехословакияны неміс басқыншыларынан азат ету жолында жан аямай соғысқан Нұрбай ақсақал – Украинадағы көзі тірі жалғыз қазақ ардагері. Бүгінде ақсақалдың алты немересі, алты шөбересі бар, Киев облысында тұрады.

Нұрбай Аманжолов, соғыс ардагері:

– Елшілерім, менің туған еліме, Шыңғыстайға, Қатон-Қарағайға, Өскемен және Семейге, барлық туыстарыма сәлемімді жолдаймын. Аман-есен жүріңдер, қарақтарым, қазақтарым, қарағым айналайын, елшілерім.

Хабар 24 телеарнасы