Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Еліміздің бірнеше қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларына арналған ескерткіштердің жанында еске алу шарасы өтті.

Дәстүр бойынша монументтерге бірінші болып Қарулы Күштердің әскери қызметшілері гүл шоқтарын қойды. Салтанатты іс-шаралар барлық гарнизондарда ұйымдастырылды.

Мәселен, Алматыда панфиловшылар саябағында, ал Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалдық ансамблінің жанында сарбаздар сап түзеп, отан қорғау жолында опат болғандардың рухына тағзым етті.