ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

2021 жылдың 9 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өткен тәулікте 4013 авиажолаушы келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы.

Сонымен қатар 2021 жылдың 9 мамырында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.