426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде қоқыс алаңындағы өрт сөндіріліп жатыр

  • 124
  • UPD: 19:49, 10.05.2021
Ақтөбеде қоқыс алаңындағы өрт сөндіріліп жатыр

Ақтөбедегі қоқыс полигоны әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оттың бетін қайтару үшін төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы билік бүгін де отпен арпалысып жатыр. 10 адам және бес техникадан құралған қосымша күш жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақтың жалпы көлемі 600 шаршы метрге жеткен.

Еске салайық, қоқыс полигонындағы өрт кеше түстен кейін басталған. Бірнеше техника мен мамандар жедел жетіп, біраз әрекеттенгенімен, өртке қайрат қыла алмаған. Бықсыған қоламта қайта-қайта тұтанып, әлі жанып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы