«Астана LRT» ісі: бірнеше айыпталушы өздерін тергеуге қатысудан босатуды сұрады

Атышулы «Астана LRT-дегі» ұрлық ісі бойынша сот тергеуі аяқталды.

Тараптар тартысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта алдағы тыңдауларда жалғасатын болады. Ал бүгін бірнеше айыпталушы өздерін тергеуге қатысудан босатуды сұрады. Олар жалпы сомасы шамамен 5 миллиард 800 миллион теңге болатын залалды төлеу туралы азаматтық талаппен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, айыпталушы жеті адам бар, сот олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін анықтап, төлем сомасын тағайындауы керек. Процеске қатысушылардың бірінің қорғаушысы, шотына ақша түскен компанияларды да тергеуге тарту туралы өтініш білдірді. Адвокаттардың пікірінше, бұл істі неғұрлым толық және объективті түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Алайда прокурор өтінішті қолдамай, сот іс материалдарына қосып қойды.