БҚО-да заңсыз балық аулаған 241 адам ұсталды

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары құқық бұзушылардан 18 тонна балық тәркіледі. Оның 4 тоннасы – бекіре. 22 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. 200-ден астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Қылмыскерлерге сомасы 10 миллион теңгені құраған айыппұлдар салынды. Мәселен, Атырау облысының бір тұрғынының өзі салмағы 1 тоннаға тең 250-ге жуық бекіре балығын аулап алған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.