Риддер қаласына азық-түлік себеттері жеткізіледі

Өрттен зардап шеккен Риддер қаласына елордадан азық-түлік себеттері жеткізіледі. Сонымен бірге бүгін бас қаладан еріктілер жолға шығады. Олар жалыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниетті.

Осыған орай елордада қайырымдылық акциясы өтіп, Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы Елшілігі тікелей демеуші болды. 1300 азық-түлік қорабы мұқтаж жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылады. Сондай-ақ аталған акциямен еліміздің 5 облысын да аралау жоспарда бар.

Нұрдәулет Әлмұханов, қалалық дін істер басқармасының басшысы:

- 1300 қорап бар, яғни сол жердегі жағдайға байланысты қазір кешке жақын Риддерге көмек жетеді деген үміттеміз. Біздің осы жердегі продукт корзинамызды. Бізде өзі мешітке және аудандық әкімдікке тіркелген азамат азаматшалар бар. Солардың тізімімен біз таратып беретін боламыз.

Риддер қаласындағы зардап шеккен отбасыларға сенаторлар өздерінің бір күндік жалақыларын көмек ретінде аударады. Сондай-ақ Павлодар облысынан гуманитарлық жүк жөнелтіледі. Еріктілер азық-түлік пен киім-кешек сияқты қажетті заттарды жинап жатыр.