Қазақстанда қылмыстық процесті жүргізудің жаңа моделі енгізілді

Елде қылмыстық процесті жүргізудің жаңа моделі енгізілді. Енді бұл іске тек тергеу орындары емес, прокуратура органдары да жауапты болады. Себебі процесс үш буынды модельге негізделген. Жан-жақты талдауды қажет етеді.

Айталық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мекемесі қандай да бір парақорлық дерегі бойынша істі тергеп тексеріп, қадағалау органына жібереді. Ондағылар дәлел мен дәйектің жеткілікті деңгейде екенін анықтап, сотқа жолдайды. Барлық сатыда азаматтың конституциялық құқығы қорғалады.

Ресми деректерге сүйенсек, биыл 420 іс дәлелдің жеткіліксіздігі және негізсіз тағылған айыптың себебінен тоқтатылған. 

Марат Ахметжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Екінші сүзгі прокурор. Прокурор да істі жан-жақты қарайды. Өйткені оның келісім болғанда ғана шешім заңды болып саналады. Демек, прокурордың жауапкершілігі артады. Күдіктіге қатысты дәлелдер жеткілікті болғанда ғана келісім береді. Тергеу одан ары жалғасып, сотқа жіберіледі. Сот қарап қылмыс құрамының бар-жоғын, күдіктігінің айыптылығын шығарады. Үш буынды модель дегеніміз осы.

Елдос Қылымжанов қала прокурорының орынбасары

- Жылдың басынан Сыбайлас жемқорлық департаментімен азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылған жоқ. Қосымша тергеуге қылмыстық істер жолданған жоқ.