426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу салтанатына қатысты

  • 120
  • UPD: 21:33, 11.05.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркістан қаласына барды. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу салтанатына қатысты. Киіз үй пішіндес кешендегі 21 уыққа Жәнібек пен Керейден бастап Кенесары Қасымұлына дейінгі қазақтың 21 ханының есімі жазылған. Ал ортада тұрған 12 метрлік асатаяқтың түбіне төрт тау текенің мүсіні орнатылған. Осы жерге Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Дала бірлігі» капсуласын салды. Капсуланың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы бар. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев  Тұңғыш Президент саябағын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Түркістан жыл санап саялы мекенге айналып келеді. Облыс орталығы атанғалы бері қалада 18 саябақ, 20 аллея салыныпты. 300 мыңнан астам ағаш егілген. Шаһардың іші ғана емес, сырты да жасыл желекке айналып келеді. 13 мың гектарлық алқапта жасыл белдеу болады. Сонымен қатар Елбасы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанындағы ботаникалық бақты аралап көрді.

Жергілікті жұрт Яссы бағы деп атайтын аумақта ағаштың, өсімдіктердің бірнеше түрі егілген. Германия мен Бельгиядан әкелінген көшеттер де тез жерсініп кетті. Қазір бұл саябақ көпшілік көп қыдыратын орынға айналды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағы жобасымен танысып,  «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды. Сапар барысында Елбасы бірнеше нысанды аралап көреді.

Хабар 24 телеарнасы