426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда кәріз қақпақтары қалыпқа келтіріліп жатыр

  • 103
  • UPD: 23:20, 11.05.2021

Петропавлда кәріз құдықтарының қақпақтары қалпына келтіріліп жатыр. Себебі люктердің көбі әбден тапталып қалған. Көліктердің жүруіне де кедергісі көп. Тіпті жол апатына себеп болған жайттар бар.

- Ну проехать то можно, но не удобно конечно.

- Люки бывают страшные. Но вроде отремонтировали маленько.

Петропавл қаласы жүргізушілерінің пікірі осындай. Өзі тар көшелерде кәріз құбырларының саны өте көп. Оның үстіне олар жерге кіріп, қазір автомобиль жолдары ойдым-ойдым болып қалған.

Алексей Липченко, қала тұрғыны:

- Құдықтарды айналып өтуге тура келеді. Салдарынан тіпті кейде жолдың қарсы бағытына шығып кетесің. Өйтпесек көлігіміді ұрып, қиратып алуымыз мүмкін. Жылда жөндеп жанатады. Бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ.

Құдықтардың қақпақ люктерін асфальтпен бірдейлеу жұмыстары былтыр басталып еді. Шаруалар коммуналдық мекемелердің қаражатына жасалуда. Ал жұмыс жүріп жатқан жерде көлік қозғалысы қиындаған. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Мінеки мамандар қазір асфальтті ойып, құдықтың бетін көтеріп жатыр. Жұмыстар күнде жалғасуда. Яғни таңертең жұмысқа асыққандар, түс уақытында одан қалды кешкісін жұмыстан үйде қайтатындар үшін ыңғайсыздық тудырып отыр. Себебі осы аталған шаруалардың салдарынан жүргізушілер ұзын-сонар кептелісте тұрады.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы жолдарда шамамен екі мыңға жуық люк бар. Оларды аз уақытта қалыпқа келтіру мүмкін емес. Жауаптылардың айтуы бойынша барлық іс арнайы технологияға негізделіп жасалу керек.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Құдықтарды асфальт бетімен бірдейлету үшін оған бірнеше күн уақыт керек. Ол алдымен бетон қоспасын құяды. Ол үш күндей қатуы керек. Содан кейін бірақ қалған жұмыстар басталады. Сонықтан тұрғындарды түсініспеушілікпен қарауды сұраймыз.

Сәтін салса, қалыпқа кетіру жұмыстары бір айға сазылады. Кейін дайын жұмысты әкімдіктегі арнайы комиссия қабылдайтын болады. Егер де қандай да бір олқылық анықталса, қайта жөндеуге ұсынамыз деп отыр. 

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы