Қазақстандықтар Риддерде өрттен зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Риддерде өрттен зардап шеккен тұрғындарға көп болып көмектесіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы ашылған есепшотқа бюджеттік мекеме мен жеке компания қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын аударуда. Алғашқы материалдық жәрдемді Серікбаев атындағы техникалық университет ұжымы жеткізді. Оқу орны азық-түлік пен гигеналық заттар әкелді. Аймақтағы қарапайым тұрғындар да қажетті заттарды жинап жатыр. Өрттен баспанасыз қалған тұрғындар қазір Риддердегі қонақ үйлер мен жатақханаға және сауықтыру орталыңына орналасты. Енді олар осы жерде жаңа баспана салынғанша тұратын болады. Ас-ауқатпен де тегін қамтамасыз етіледі.

Сергей Глазырин, «Лесхоз» кентінің тұрғыны:

- Жалын өте биікке көтерілді. Бет қарау мүмкін емес болды.  Әуелі өзіміз сөндіруге тырыстық. Алайда қауіпті болғандықтан екі баланы алдық та, аулаққа кеттік. Кеше облыс әкімі жиналыс өткізді. Баспана салынатынын айтты. Сол ғана көңілге медеу.