Елорда әуежайына бүгіннен бастап Ashyq қосымшасымен ғана кіруге болады

Елорда әуежайына бүгіннен бастап ресми түрде Ashyq мобильді қосымшасымен ғана кіргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүйе осыған дейін екі күн қатарынан сынақтан өткен болатын. Осы аралықта індет жұқтырған бір адам анықталып, ол әуежайға кіргізілген жоқ.