Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғысы келетіндер саны азайып келеді – ҰБ

267 мыңға жуық азамат зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Осы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 1,3 трлн теңге сомасына 266,8 мың болды. Бұл ретте зейнетақы аударымдарын ай сайынғы алу көлемінің төмендегені байқалады: ақпанда 643,4 млрд теңге, наурызда 302,1 млрд теңге, сәуірде 283 млрд теңге», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның дерегінше, тұрғын үй мәселесін шешуге алынған жинақтың 99,4 проценті жіберілді. Емделуге 4,7 млрд теңге пайдаланылды. 1 478 азаматтың 3,4 млрд теңге сомасындағы зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға берілді.

«Өңірлер бөлігінде Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне барлық алынған жинақ көлемінің 58,4 проценті тиесілі», - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ...