Елордада мамыр айындағы мерекелерде үш егіз дүниеге келді

Елордада мамыр айындағы мерекелерде 438 нәресте дүниеге келді. Олардың ішінде үш егіз бар, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада 1-3 мамыр аралығындағы мереке күндері 233 нәресте дүние есігін ашты, оның 123-і – ұл бала, 113-і – қыз бала.

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні, яғни 7 және 9 мамыр күндері қалада 205 бала дүниеге келді: 103 ұл және 102 қыз.