Депутаттар қару сату тәртібін қатаңдатуды сұрайды

Мәжіліс депутаттары Татарстандағы осы қайғылы оқиғадан кейін елде қару ұстау тәртібін қатаңдатуды сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақты айтсақ, суық қаруды пайдалануға рұқсат беретін лицензияны енді 24 жастан асқан азаматтарға беруді ұсынды.

Еске салайық, қазір 18 жасқа толған қазақстандықтар керек-жарағын дүкендерден сатып ала алады. Ол үшін наркологиялық және психикалық диспансерлерден анықтама көрсетсе жеткілікті. Бұдан бөлек, депутаттар білім беру мекемелерін қорғау жүйесіндегі талаптарды қайта қарастыруды ұсынып отыр.