426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада үлгілі отбасылар ағаш отырғызды

  • 193
  • UPD: 14:37, 12.05.2021
Елордада үлгілі отбасылар ағаш отырғызды

«Отан – қуат, отбасы – шуақ». Қазақ халқы әрдайым отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай елордада үлгілі отбасылар көктемнің нышаны іспеттес жиырмадан астам жас көшеттерді мектеп ауласына отырғызды. Экологиялық шараға 10 жанұя ұл-қыздарымен бірге атсалысты. Олар болашақта осы орын жасыл желекке айналады деген сенімін білдірді. Бұл акцияның мақсаты – әуелі отбасы құндылығына мән беру. Себебі жанұяның тірегі болған азамат өмірде ұрпақ тәрбиелеп, үй салып, ағаш егуі басты ұстанымдарының бірі болып табылады. «Сосын мұндай игі іс-шара халықты экологиялық сана мен мәдениетін дамытуға шақыру», - дейді ұйымдастырушылар. Табиғат жанашырлары мұндай игі істі осыған дейін де дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Айжан Жүсіпова, қала тұрғыны:

- Ағаш отырғызуға отбасымызбен келіп отырмыз. Осы ағаш секілді жемістері жайқалып өсіп, балаларымыз да болашақта болашағы жарқын болып, осындай ашық күнде Отанымыз тыныш білім алсақ. Сол үшін бізде үлесімізді қосып, ата-ана мұғалімдер барлығымыз қатысып отырмыз.

Камилла Сүлейменова, ұйымдастырушы:

- Бұл акцияның идеясы мен мақсаты мынада. Әр отбасы бала-шағасымен келіп, осында ағаш отырғызады. Бұл жерде біз жанұяның ынтымақтастығы мен бірлігін көрсеткіміз келді. Осындай үлгілі істі көріп өскен ұл-қызы да ертең осыны қайталайды. Біз қолға алған бұл акция еліміздің барлық аймағында өткізілуде.

Хабар 24 телеарнасы