Елорда әуежайына кірудің жаңа талабы шетелдіктерге де қатысты болмақ

Бүгіннен бастап елорда әуежайына Ashyq мобильді қосымшасымен ғана кіргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа талап отандастарымызға да, шетелдік азаматтарға да ортақ болмақ. Енді жолаушылар болсын, оларды күтіп алуға келген яки шығарып салуға барған адамдар да тек осы қосымшаны қолданып, әуежайға кіре алады. Бұл жүйені мамандар екі күн қатарынан сынаған екен. Осы аралықта сары және қызыл белгі көрсеткен адамдар болыпты. Мамандар оларды әуежайға кіргізбей қойған.