427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Bek Air ұшағының апаты: жерді заңсыз сатқандар сотталды

  • 407
  • UPD: 21:36, 12.05.2021

Талғар аудандық сотында Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін заңсыз сатып жіберген экс-шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты.

Айта кетейік, бұл іс 2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін басталған болатын. Осылайша, қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекет мүлкіне қол сұқты деп айыпталған аудандық Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшылары – Тұрысбеков пен Алтынбекұлы 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға 7 жылға дейін мемлекеттік қызмет атқаруға заңмен тыйым салынды. Ал жерді заңсыз сатуға қатысы бар деп танылған Қалыбеков, Абдуллаев пен Машимбаевтардың 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Риелтор Алданыш тағылған айыпты мойындамаған. Сот оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескеріп, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шекту жазасын кесті.

Ілияс Мұхадиұлы, Талғар аудандық сотының судьясы:

– Қылмыс жеті жыл бұрын жасалды. Ал 2016 жылы амнистия болды. Осыны ескере отырып, айыпталушыларға тағылған жаза мерзімі едәуір қысқартылды. Сонымен бірге олар өз кіналарын мойындап, мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. Отбасында кәмелетке толмаған балаларының бар екені де ескерілді.

Хабар 24 телеарнасы