427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге бағытталады

  • 172
  • UPD: 17:41, 12.05.2021
2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге бағытталады

2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалды. Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін тартылатын жеке меншік жеткізушілердің өсу үрдісі сақталуда. Егер өткен жылы қормен 635 жеке жеткізуші жұмыс істесе, биыл олардың саны 688 дейін өсті», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Өңірлік бөліністе жеке меншік жеткізушілердің ең жоғары үлесі Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында: тиісінше 72%, 66% және 55%. Қостанай (30%), Ақмола (30%) облыстарында және БҚО-да (22%) төмен көрсеткіштер.

2021 жылы қор амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмекті, ауылдық денсаулық сақтауды, қашықтықтан көрсетілетін медициналық көмекті, профилактикалық тексерулерді, мейірбикелік көмекті және патронаждық қызметті қаржыландыруды ұлғайтады.

Осылайша, қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша ұлғайтылды: МСАК 17%, стационарды алмастыратын көмек 42%, ауыл халқына медициналық көмек 30%, паллиативтік көмек 96%, АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек 36%, онкогематология 26%.

«Қордың қомақты қаражатын балалар денсаулығын сақтауды қаржыландыруға жұмсайды. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту, ЭКО және «Қамқорлық» квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру. Сонымен қатар антенаталды бақылауды жүргізуге 29,7 млрд тенге қосымша бөлінген, 0-5 жас аралығындағы балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге 12 млрд теңге, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға 22,5 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Хабар 24 телеарнасы