Атыс қаруын қолдану тәртібін күшейтудің қажеті жоқ – Қару-жарақ қауымдастығы

Отандық жүйе қазірдің өзінде әлемдегі ең қатал жүйелердің бірі деді осы ұйымның атқарушы директоры Сергей Катнов.

Оның айтуынша, бұдан арғы шара тек қаруға толық тыйым салу. Қауымдастық басшысы атыс қаруын алғысы келетіндерге медицина тарапынан бақылауды күшейту қажет деп санайды. Мысалы, Австрияда қаруға қол жеткізу үшін азаматтар алдын ала психологпен екі сағаттық сынақтан өтеді. Сондай-ақ адам бойындағы жасырын ауытқуларды анықтау үшін арнайы тест тапсырады.

Сергей Капнов, «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының атқарушы директоры:

– Шынында, қару ұстауға қатысты тәртіпті қатаңдатудың еш жөні жоқ. Өйткені қаруға рұқсат алудың қазақстандық жүйесі әлемдегі ең қатал жүйе болып табылады. Мәселен, Қазанда болған оқиға кейіпкері бұл жігітке екі апта ішінде психикалық тұрғыдан қалыпты екендігі туралы куәлік берген көрінеді. Ол оны қалай алды? Міне, осыған мән беру керек. Ал заңға бағынатын қару иелерін қудаламау керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ...