Маңғыстау өңірінде соңғы екі аптада 96 оқушы мен 6 мұғалім коронавирус жұқтырған

Балалар сырқаттың симптомсыз түріне шалдыққан.

Дәрігерлер вирустың оларға жақындары арқылы таралғанын айтып отыр. Ұстаздар да көпшіліктен оқшауланды. Жалпы аймақта 4-11 мамыр аралығында 46 науқас анықталған. Олармен жақын араласқан 900-ден астам адам бақылауға алынды.

Ғазиз Надуев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысы:

– 96 оқушыдан сырқат белгілері анықталды. Отбасы мүшелерінен жұққан деген күдік бар. Барлығы бірдей оқшауланды. Облыста эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.