426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакциналау паспортын сату полицияның қатаң бақылауына алынады

  • 129
  • UPD: 10:51, 13.05.2021

Елімізде екпеге қатысты құжаттарды рәсімдеп, оны электронды үкіметке салып беретіндер бар. Бағасы 5-30 мың теңге аралығында. Тәртіп сақшылары  енді бұл мәселені жіті назарда ұстауға бекініп отыр.

Короновирусқа қарсы екпе алмай, барлық құжатты рәсімдеуге болады. Елде осындай делдалдар пайда болды. Әрине мұндай алаяқтар өте сақ. Вакциналау паспортын жақын таныстарына не олардың жақындарына ғана жасап береді. Дегенмен, елдегі ғылыми-медициналық қауымдастықтың еріктілері бірнеше жайттың бетін ашқан.

Ақмарал Тұрсынова, MEDSUPPORTKZ жобасының негізін қалаушы:

- Біз бірнеше жағдайды анықтап, денсаулық сақтау министрлігіне жібердік. Бірақ вакциналау паспортын жасайтындарды таба алмадық. Өйткені ізін тез және оңай жасырады. Бұл жағдай кәдімгідей алаңдатады. Себебі осындай алыпсатарлық қоғамға қауіп. Екпе алдым деп елді алдаған адам өзгелерге вирус таратып жүруі мүмкін ғой. 

Паспорттың толтыру тәртібі мен оған жауаптыларға қатысты да мәселе көп дейді маман. Өйткені құжаттағы апқаратты қарапайым медбикелер енгізеді. 

Ал бас дәрігер не басқа мемлекеттік мекеме оны бақыламайды дейді. Салдарынан техникалық қате кетіп жатады. Бұл әрине адами фактор. Ал жалған құжат жасаушылар осының барлығын айналып өтіп, паспортты қашықтан жасай салады. 

Ал құзырлы министрлік ақпарат барынша қорғалғанын алға тартады. Осылай жалпылама ғана жауап берді. Яғни «электронды құжатты қолдану не басқа адамға беру азаматтың өз еркімен жүзеге асады» делінген хабарламада. 

«...Вакциналаудың электронды паспортын тұлға eGov Mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінен көре алады. Яғни оның өзі ғана қарауға құқы бар. Жеке мәліметтері өзге жаққа кетіп қалмауы керек. Осы жағы мықтап қолға алынды. Яғни паспорт иесі өзі ғана қажет болған кезде оны үшінші тарапқа жібере алады». 

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 

Тәртіп сақшылары енді бұл мәселені жіті назарда ұстауға бекініп отыр. Айта кетейік, бүгінге дейін 700 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырып үлг3рген екен. Оның ішінде 155 мыңнан астамы ғана төлқұжаттың электронды нұсқасын алған. 

Автор: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы