427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутат СҚО-ға көшіп жатқан отбасылардың кредитін кешіруді ұсынды

  • 86
  • UPD: 14:31, 13.05.2021
Депутат СҚО-ға көшіп жатқан отбасылардың кредитін кешіруді ұсынды

Еліміздің солтүстігіне қоныс аударып жатқан отбасыларды несие төлеуден уақытша босату керек.

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев осындай бастама көтерді.

Айтуынша, тұрғындарды теріскейге көшіруге бағытталған бағдарлама әзірге оң нәтиже бермей отыр. Біраз адам базынасын айтқан. Әсіресе сол отбасыларға арнап салынып жатқан үйлердің сапасы сын көтермейді. Мұнымен қоса қоныс аударушылар тұратын жерін өздері таңдай алмайды екен. Әкімдіктер мәжбүрлейтін көрінеді. Осындай олқы тұсты жіпке тізген сенатор бағдарламаның дұрыс жүзеге асуын жіті бақылау қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы