Теңізде 10 мыңнан астам мұнайшы вакцина салдырды

Атырау облысы Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам жұмысшы вакцина салдырды.

Кен орнына «Спутник V» вакцинасының тағы 15 мың дозасы жеткізілді. Мұнайшылар вакцинаны қалашықта ашылған екпе орындары мен облыс орталығындағы емханаларда  салдыра алады. Сондай-ақ мұнай компаниясының басқа қалалардағы серіктес медициналық мекемелерінде екпе алуға мүмкіндік бар.

Жалпы облыста «QazVac» және «Спутник V» вакциналарының 1-компонентін 40 мыңнан астам тұрғын алған.

Айта кетейік, мұнайлы өңірде соңғы тәулікте 75 адам қауіпті вирус жұқтырған.

Сондай-ақ...