Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек жібереді

Медициналық жүк тиелген ұшақ бүгін Алматыдан Үндістанға ұшады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы пандемия өршіп тұрған елге гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған болатын.