Әйел адамның жағдайы QazVac-тан соң нашарлады ма?

Әйел адамның аяқ-қолы QazVac-ты қабылдаған соң ұйып, жансызданды ма?

Бұған бүгін отандық вакцинаны әзірлеушілердің бірі, профессор Күнсұлу Закарья пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымның айтуынша, теріс әсер QazVac-тан болуы мүмкін емес.

Күнсұлу Закарья, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ҒЗИ бас директоры:

- Енді айтулары бойынша аяқтың ісуі және аяқтың сынуы ол вакцинаға байланысты емес. Бұл жерде зерттеудің де қажеті жоқ. Бұл жерде алдындағы анамнезді бәрін толық қарау керек. Мүмкін себептері басқа жерде болар. Созылмалы ауруларда. Бұл вакцинаға байланысты емес жағдай. Сол адамның созылмалы аурулары сондай-ақ аллергия, қант диабеті, сезімдік гипертония бойынша деректер қажет болады. Негізінде біздің вакцинамыз толық клиникалық зерттеуден өткен соң ешбкір теріс әсері байқалмаған.

***

QazVac-тан соң бала сүйе алмай жүрген 10 шақты әйел жүкті болған

Ал, QazVac-тың екінші дозасын егу уақыты өзгермейді. 21 күнде қабылдау керек. Елде балаларға арнлаған вакцина әзірленбейді. Себебі заң бойынша бізде жаөспірімдерге клиникалық зерттеу жүргізуге тыйым салынған. Осылай деген Күнсұлу Закарья «маусымда QazVac-тың 100 мың, ал шілдеде 500 мың дозасы шығарылады», деді. Бірақ өзімізде өндірілген екпе флакондарға Түркияда құйылуы кәдік. Қазір елімізде екі алаң дайындалып жатыр. Шілдеге дейін алаңдар дайын болмаса, сол кезде вакцинамыз түрік елінде құйылмақ.

Күнсұлу Закарья, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ҒЗИ бас директоры:

- Тараз қаласында және Алматы қаласында 3 фазаға қатысқан еріктілер арасында вакцина алған соң ұзақ уақыт жүкті болмаған әйелдер тіркелді. Бір келіншек 20 жыл бойы көтере алмаған. Ол вакцинадан да болар. Мүмкін басқа жағдайлар. Бірақ ол факт.