Қарағандыда көлік терезесін тұмшалағандар көбейген

Жол сақшылары «жүргізуші төңірегін жақсы көру үшін автокөліктің алдыңғы шынылары ашық болуы тиіс», дейді.

Ал әйнектің қаншалықты стандартқа сай келетіндігін арнайы құрылғының көмегімен анықтайды. Айта кету керек, жыл басынан бері облыс бойынша 1800 көлік иесіне осындай хаттама толтырылған.

Аманғали Таласбаев, ПД мемлекеттік автоинспекторы:

- Егер де шынылары сәйкес келмеген жағдайда айыппұл салынады 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде. Онда бізде 50% жеңілдік қарастырылған, бірақ 7 күннің ішінде төлеу керек. Анықталған бетте өзі шешпесе, біз мемлекеттік номерін шешеміз.