427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында вирусты пневмонияға шалдыққандар көбейді

  • 112
  • UPD: 22:29, 13.05.2021
Түркістан облысында вирусты пневмонияға шалдыққандар көбейді

Түркістан облысында вирусты пневмонияға шалдыққандар көбейіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі аптада науқас саны 68%-ке көбейген. Өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус, 37 адамнан вирусты пневмония анықталған. Сала мамандары «бұған қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарында, халық көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарының сақталмауы себеп», дейді. Оның үстіне тұрғындардың көбі бетперде кимейді, антисептик пайдаланбайды. Жыл басынан карантиндік тәртіп бұзудың 2280 дерегі тіркеліп, 128 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Тыйым салынғанына қарамастан той өткізіп жатқандар да аз емес.

Бахтыораз Елемесов, облыстық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Мерекелік шаралар, отбасылық іс-шаралар өткізген 19 тойхананың құжаттары сот органдарына өткізіліп, оның 11-іне қатысты соттың шешімімен олардың қызметтері тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы