Елімізден Үндістанға гуманитарлық көмек екі бортпен жеткізілуде

Қазақстанның Үндістанға жіберген гуманитарлық жүгі бүгін Нью-Делидегі халықаралық әуежайға жеткізілді.

Ал жүк тиелген екінші борт бірнеше сағаттан кейін қонады.

Жалпы салмағы 40 тонна болатын үлкен қораптарда медициналық бетпеде, респираторлар, қорғаныш киімдері және өкпені жасанды желдетуге арналған отандық құрылғылар бар. Жүкті тапсыруға Қазақстанның Үндістандағы елшісі Нұрлан Жалғасбаев пен Үндістан Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Бандару Вилсонбабу қатысты.