Қостанай жылу компаниясына айыппұл салынды

Коммуналдық мекеме ай сайынғы жылу ақысын дұрыс есептемеген.

Тұрғындар мұны қыста байқап, наразы болған еді. Табиғи монополияны реттеу департаменті араласқаннан кейін жылу компаниясының төлемақыны негізсіз өсіргені анықталды. Олар 25 күнді ғана есептеу құралдарының мәліметіне сәйкес есептеген. Қалған 5-6 күнге жалпы тарифтік құнмен ақы белгілепті. Компания үшін мұндай есеп тиімді көрінгенімен, тұрғындар артық ақша төлеуге мәжбүр болған. Қазір заңсыз жиналған жарты миллион теңге тұтынушыларға қайтарылды.

Ақан Ташпанов, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

– Осыған орай жылыту компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Әкімішілік кодекстің 164-бабы 4-тармағы бойынша 3 млн 267 мың теңге айыппұл салынды.