Е.Біртанов үйқамақта қалады

Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау шарасын күшінде қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін сот экс-министр адвокаттарының дәлелдерін қарады. Олар тергеу сотының 6 мамырдағы шешімін өзгертуді сұраған еді. Біртановтың үй қамауында болуы 8 айға дейін, яғни 14 маусымға дейін ұзартылды. Нәтижесінде экс-министрге қатысты шешім өзгеріссіз қалды: оған үйден таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін шығуға рұқсат етіледі. Сот оның кішкентай үш баласы мен қарт анасы бар екенін ескерді. Өткен жылдың қараша айында Елжан Біртановтың ұсталғаны белгілі болды. Ол бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салды деген күдікке ілінген. Содан бері 6 рет үйқамақта отыру мерзімі ұзартылды.

Сондай-ақ...