427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

  • 108
  • UPD: 08:50, 15.05.2021
Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Былтыр Шымкентте бір адам Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруына шалдыққан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге қауіпті індет жұқтырғандар тіркелген жоқ. Алайда кене шаққан 71 тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Сала мамандары қалаға қарасты төрт ауданда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бастады. Олар Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері кене шаққан күннен бастап екі аптада білінетінін айтады. Дене қызуының кенеттен 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бас ауырып, көз қызарып, бет, мойын және дене ауыратын белгілері болатындығын еске салады. Сондықтан табиғатқа шыққанда өте мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Балкүміс Мұсаева, қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау  департаментінің бөлім басшысы:

- Бізде 2020 жылы бір жағдай тіркелген болатын. Ол науқас Отырар ауданында егістікте жұмыс істеген. Ауырып келген. Тез арада медициналық көмекке қаралып, тез арада көмекке қаралғанның арқасында аман қалды. Кене шаққан кезде белгілері болмауы да мүмкін. Ол адам кене шағып тұрғанын байқайды немесе жылжып жүріп бара жатқанын байқайды. Сондықтан адамдарға айтатыным, кене шақпас үшін осы алдын алу сақтық шараларын сақтану қажет.

Хабар 24 телеарнасы