427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жеңіс туының көшірмесі Түркістан облысына жеткізілді

  • 121
  • UPD: 14:35, 15.05.2021

Ұлы Отан соғысының құнды жәдігері – Жеңіс туының көшермесі Түркістан облысына әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ту «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалына тапсырылды. Мұнда келген оқушылар тудың тарихымен таныса алады. Көшірмені 10 жыл бұрын орыс шеберлері жасады. Жас ұрпақ құнды жәдігерді көрсін деп, эстафета ұйымдастырылды.

«Мақсат – Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне құрмет көрсетіп, жастардың бойына отансүйгіштік құндылықтарды дарыту», - дейді  ұйымдастырушылар.

Дәурен Босынбаев, «Балдаурен – Түркістан» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры:

- Арнайы мәліметтерге сәйкес Қазақстан бойынша бұл ту үш жерде бар деп есептеледі. ҚР Қорғаныс министірлігінде, ҚР Ұлттық музейінде және «Балдаурен Бурабай» республикалық оқу-сауықтыру орталағында. Біз осы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығынан өтінішпен алдырдық өзімізге. Оқушыларға таныстырып, насихаттап қазір «Балдаурен –Қапшағай» орталығына эстафетаны тапсырдық.

Хабар 24 телеарнасы