Елордада «Өз ағашыңды отырғыз» челленджі жалғасып жатыр

Бүгін челленджге республикалық физика-математика мектебінің оқушылары қатысты. Олар ботаника бағына барып, 25 шырша екті.

Кейін сондағы жылыжайды аралады. Оқушылар бастаған челленджді қалалық пәтер иелері кооперативінің өкілдері де іліп әкетті. Олар шыршадан бөлек тұрғын үй кешендерінің маңына қайың ағашын екті.