Шымкентте 65 жастан асқан адамдардың сыртта жүруі шектелді

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысындағы шектеу шаралары шаһардағы эпидахуал тұрақталғанша жалғасады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілікке арналған рәсімдік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың көшеде жүруі шектеледі. Қоғамдық орындарда және қызметіне рұқсат етілген нысандарда бетпердемен жүру керек. Әлеуметтік арақашықтық және антисептик пайдалану талаптары қатаң сақталады.