Коронавирус: 822 адамның жағдайы ауыр

16 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 625 адам коронавирус инфекциясынан (38 047 КВИ+ және 578 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 055 пациент стационарда, 24 570 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

822 адамның жағдайы ауыр;

192 пациенттің жағдайы өте ауыр;

111 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.