Непалдағы ауруханаларда науқастар саны артты

Непалда коронавирус қайта өршіп, ауруханаларда науқастар саны артты.

Соңғы бір тәулікте елде 8 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алған. Салдарынан емдеу орталықтарында орын жетіспей науқастарды кері қайтаруға мәжбүр. Дәрі-дәрмек пен оттегі тапшылығынан өлім-жітіп көбейген. Мәйітханалар дерттен қайтқандарға толып, марқұмдардың мәйіттерін жағуға көшкен. 

Дипак Рокка, жергілікті тұрғын:

- Билік ауруханаларда науқастарды қабылдайтын орын жеткілікті деп, қауесетке сенбеуге шақырады. Бірақ емдеу орындарында бос орын жоқ. Билік неге шындықты жасырып отырғанын тұсінбедім.