Әсел Айтбаеваның ісі бойынша Грузияға жедел тергеу тобы жіберілді

Қазақстан Грузия еліне жедел тергеу тобын жібереді.

Мамандар Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты деректерді зерттеп, жергілікті тәртіп сақшыларымен соталды тергеу материалдарымен бөліседі.

Қазір бұл іс бойынша күдікті Мейірбеков ұсталып, изоляторға қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, Әсел Айтбаева мамырдың бесінде Тбилиси қаласында бақилық болды. Ол өзі тұрып жатқан үйдің 8-қабатынан құлаған.

Әсел Айтбаеваның өлімі: күдіктілер 8-ден 10 жылға дейін сотталуы мүмкін