427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент туған күнін қалай атап өтеді – Берік Уәли жауап берді

  • 286
  • UPD: 12:46, 17.05.2021
Президент туған күнін қалай атап өтеді – Берік Уәли жауап берді

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының туған күнін неліктен тойламайтынын айтып берді.

«Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралының өкілдері хабарласып, «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деп сұрап жатыр. Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік.

17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған», - деп жазды Берік Уәли facebook парақшасында.

Айтуынша, қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ телефон шалып құттықтауда. Құттықтаулар толассыз келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы