СҚ-Фармация бойынша сот ісі жалғасып жатыр

Қазақстандық өндірушілер пандемия басталған тұста қорғаныш жабдықтарымен толық қамтуға дайын болмай шықты. «Самұрық-Қазына» «Фармация» ісі бойынша сөз алған куәгерлер осылай деді.

Компанияның бұрынғы басқарушы директоры Алма Жолдасбекованың айтуынша, іс насырға шаппай тұрғанда, техникалық сертификаттауды ауыстыруды өтінген. Кейін арнайы бұйрық негізінде өндірушілермен келіссөз жүргізіле бастады. Оған қатысқандардың ішінде «Іңкәр» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шарттары тиімді болған-мыс. Ал айыптаушы Берік Шәріптің қызметтік өкілетін заңсыз пайдаланып, аталған жеткізушіге бүйрегі бұрғанын айтады. Өйткені, шын мәнінде жеткізілген тауар ішінде респиратор, қолғап, көзілдіріктер болмай шыққан.

«Іңкәрліктер» 2 млн бірреттік костюмдер алуды ұсынған. Тараптар 8 млрд 320 мың теңгеге келісім жасасқан болатын. Іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.