ШҚО-да жартастардың арасында қыстырылып қалған жасөпірім құтқарылды

ШҚО-да құтқарушылар тауда жартастар арасында қыстырылып қалған баланы алып шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Глубокое кентіндегі Алтынсарин көшесі маңындағы жартастардың арасында қыстырылып қалған бала ол жерде жалғыз ойнап жүрген. 12 жасар жасөспірім өздігінен шыға алмаған соң, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Куәгерлер құтқарушыларды шақырды. 23-ӨСБ қызметкерлері құтқару арқанының көмегімен қыстырылып қалған жасөспірімді алып шықты. Бала жарақат алған жоқ.