Ақтөбе облысы «сары аймаққа» қайтып оралды

Ақтөбе облысы «сары аймаққа» қайта оралды. Бір тәулік бұрын өңір қауіпті індеттің таралуы бойынша «қызыл аймаққа» енген болатын.

Мамандар аймақта эпидемиологиялық ахуалдың құбылып тұрғанын айтады. Өткен тәуліктің өзінде 50 адамнан вирус, 7 тұрғыннан пневмония анықталған. Қазір емханаларда 550-ден астам науқас ем қабылдап жатырса, оның 51-і жансақтау бөлімінде.

Денсаулық сақтау басқармасының мәлітемінше, қажетті дәрі-дәрмек пен төмек-орын жеткілікті. Бірер күнде вакцинаның кезекті партиясы жеткізіледі.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта барлық емханаларда вакцина жеткілікті. Негізінен «Хаят вакс» егіліп жатыр. Оның сапасы мен тиімділігі өзгелерінен кем емес. Ол туралы бұған дейін де айтқанбыз. Ал «Спутник V» вакцинасын күтіп отырмыз. Таяу уақытта өңірге жетуі тиіс.